18.10.2025
14:40
364
Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің финалына жолдама алды

Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 сериялы турнирінің финалына шықты. Жартылай финалда ол италиялық Жасмин Паолиниді сенімді ойынмен жеңіп, матчты екі сетте аяқтады – 6:3, 6:2, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Финалда Рыбакина екі ресейлік спортшы – Диана Шнайдер мен Екатерина Александрова арасындағы кездесудің жеңімпазымен кортқа шығады.

Айта кетейік, биылғы турнирдің жүлде қоры 1 064 510 АҚШ долларын құрайды. Ал жеңімпаз спортшы 164 мың доллар және 500 рейтингтік ұпай иеленеді.

Елена Рыбакина бұл маусымда тұрақты ойын көрсетіп, WTA турнирлерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Нинбодағы финал оның маусымдағы кезекті ірі жетістігі болмақ.