22.02.2024
18:00
1594
Елена Рыбакина науқастанып қалды

Елена Рыбакина науқастанып қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығы сыр беріп, Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ-тағы мәлімет бойынша, Елена Рыбакина асқазан-ішек жолдарының ауруына қатысты осындай шешім қабылдаған. 

Елена Рыбакина бүгін ширек финалда әлемнің 26-ракеткасы, италиялық Ясмина Паолинимен кездесуі тиіс болатын. Елена кортқа шыпағандықтан, италиялық спортшы еш қиындықсыз жартылай финалға жолдама алды. 

Айта кетейік, Елена Рыбакина Дубайда 13 эйс жасап, ширек финалға шыққанын жазған едік.