03.08.2025
09:16
386
Елена Рыбакина Монреальда камбэк жасап, ширек финалға өтті

Елена Рыбакина Монреальда камбэк жасап, ширек финалға өтті

Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Төртінші айналымда ол украиналық Даяна Ястремскаяны 5:7, 6:2, 7:5 есебімен жеңді.

Бірінші сетте Рыбакина брейкпен алға шыққанымен, қарсыласы 7:5 есебімен ұтты. Екінші сетте Елена қос брейкпен есепті теңестірді — 6:2. Шешуші партияда матчболын тиімді пайдаланып, 7:5 нәтижесімен жеңісті жұлып алды.

Кездесу 2 сағат 33 минутқа созылып, Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін іске асырды. Келесі айналымда ол украиналық Марта Костюкпен кездеседі.