Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінде жеңіліп қалды

2 Сәуір 2023, 11:45 651

Спортшы финалда қарсыласына есе жіберді

Теннисші Елена Рыбакина Майами мастерс турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап. 

Ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 санатындағы бәсекенің финалында чехиялық Петра Квитоваға жол берді. «Хард Рок» стадионындағы кездесу 1 сағат 42 минутқа созылып, 6-7 (12-14), 2-6 есебімен аяқталды. Бұл 2 теннисші арасындағы 3 ойын. Қазір 2-1 есебімен чехиялық алға шықты.

Елена – бүгінгі матчты қоса алғанда Майами Оупендегі әр кездесуде (6 ойында) кемі 10 эйс жасаған теннисші. Аты аңызға айналған америкалық, Үлкен Дулыға санатындағы бәсекелердің 23 дүркін чемпионы Серена Уильямс 2015 жылғы Уимблдонда осындай нәтиже тіркеген.

Рыбакина Майамидегі турнирде 650 ұпай мен 662,360 АҚШ долларына ие болды. Ал Петра Квитова 1000 ұпай мен 1 млн 262,220 АҚШ долларын алады.

EL.KZ
Бөлісу: