Елена Рыбакина Мадридте Соболенкодан жеңіліп қалды

3 Мамыр, 10:55 714

Теннистен Мадрид WTA 1000 турнирінің жартылай финалында еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина беларусь қызы Арина Соболенкодан жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлемнің екінші ракеткасы саналатын Соболенкомен кездесу отандасымыз үшін басында жақсы басталған. Бірінші партияда Рыбакина екі брейк жасап, 6:1 есебімен жеңді. Екінші сетте қазақстандық жақсы келе жатқан. Бірақ бірден жинақталып алған беларусь теннисшісі 7:5 есебімен басым түсті. Үшінші, шешуші сетте Соболенко тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:5).

Жалпы, қос теннисші осымен өзара тоғызыншы рет кездесті. Биылдың өзінде екінші мәрте жолығып отыр. Осы жолы беларусь жеңіске жетті.

Енді финалда Соболенко әлемнің бірінші ракеткасы, 22 жастағы польшалық Ига Швентекпен кездеседі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: