Елена Рыбакина Мадрид турнирінде жеңіліп қалды

Елена Рыбакина Мадрид турнирінде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мадрид WTA турнирінің іріктеу бәсекесінде Укриана өкілі Элина Светолинадан жеңілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Испаниядағы бәсекесінің 1/16 финалында Елена украиналық Элина Светолинаға қарсы қауқар таныта алмады. Осылайша кездесу 2:0 есебімен Светолинаның еншісінде кетті. Алғаш сетте нәтиже 3:6 есебімен аяқталса, екінші кезеңде есеп 4:6 нәтижесімен тәмамдалды. 

Мадрид WTA турнирінде Елена Рыбакина алғашқы кездесуін канадалық Бьянка Андрескумен өткізіп, 2:0 (6:3, 6:2) есебімен басым түскен болатын.