Елена Рыбакина Дубайдағы жарыста жарақат алды

22 Ақпан 2023, 19:22 852

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Елена Рыбакина бүгін үшінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Коко Гауфпен кездесуі керек еді. Алайда қазақстандық теннисші арқа жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Коко Гауфф ойнамастан ширек финалға өтті.

Елена Рыбакина сондай-ақ ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жұптық сындағы матчтан сырт қалды. Енді қазақстандық теннисші наурыз айында АҚШ-та өтетін мастерс жарыстарында бақ сынайды.

EL.KZ
Бөлісу: