Елена Рыбакина Дохадағы турнирде жартылай финалға шықты

16 Ақпан, 00:02 908

Қазақстандық ракетка Елена Рыбакина Дохадағы турнирде жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sport.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз ширек фиалда әлемнің 38-ші ракеткасы, US Open финалисі, канадалық Лейла Фернандеспен кездесті. Кездесу екі сетте жалпы 6:4, 6:2 есебімен Елена Рыбакинаның жеңісімен аяқталды. Матч 1 сағат 35 минутқа созылды.

Турнирдің жартылай финалында қазақстандық теннисші Ресей өкілі Анастасия Павлюченковамен бақ сынасады.

Айта кетейік, Лейла Фернандес 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі болып табылады. Онда ол британдық теннисші Эмма Радуканнан жеңіліп қалды.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: