Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2024 жылдың алғашқы чемпиондық атағына қол жеткізді — ол Брисбенде (Австралия) өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елена Рыбакина WTA турнирінің финалында белорус Арина Соболенконы ұтқан болатын.
Турнирдегі жеңісі үшін Елена 220 000 доллар және 500 рейтингілік ұпайға ие болады. Ал финалда жеңілген Арина Соболенко 135 000 доллар мен 325 ұпай еншіледі.
Енді Елена Рыбакина 8-і мен 13 қаңтар аралығында Аделаидада өтетін (Австралия) Adelaide International турнирінде бақ сынайды. Сонан соң Australian Open-ге қатысады. Былтыр ол Австралияның ашық біріншілігінде финалға дейін жетіп, үш сет қорытындысы бойынша Соболенкоға есе жіберген — 6:4, 3:6, 4:6.