05.04.2023
09:04
1506
Елена Рыбакина айдың үздік ойыншысы атағына ұсынылды

Елена Рыбакина айдың үздік ойыншысы атағына ұсынылды

RelevantTennis мәліметіне қарағанда, үміткерлер тізіміне төрт теннисші енген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, әлемнің 7-ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина, сондай-ақ румыниялық Сорана Кырстя (WTA рейтингісінде 41-орын), Беларусь өкілі Арина Соболенко (2-орын), чехиялық Петра Квитова (10-орын) айдың үздік ойыншысы атағынан үміткер.

Елена Рыбакина наурыз айында Индиан-Уэллс мастерс турнирінде чемпион атанғаны белгілі.Сондай-ақ 2 сәуірде аяқталған Майами мастерс жарысының финалына дейін жетті.

Теннисші 14-15 сәуірде Астанада Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Польша матчына қатысып, ел намысын қорғайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Чарльстонда әлемнің экс-үшінші ракеткасын жеңгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті.