Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орында) Australian Open 2023 турнирінде әйелдер арасындағы эйс саны бойынша үздік атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Турнирдегі жеті матчта Елена Рыбакина жеті ойында 54 эйске қол жеткізді. Беларусь өкілі Арина Соболенко 46 эйспен көзге түсті. Үздік үштікті чех теннисшісі Каролина Плискова (20-орын) жапты – ол үш кездесуінде 31 эйс жинаған. Франциялық Каролин Гарсия (25), хорватиялық Донна Векич (24) бесінші орында.
Еске салайық, Елена Рыбакина үшін бұл өткен жылғы Уимблдондағы жеңісінен кейінгі «Үлкен дулыға» мансабындағы екінші финал болды.