16.01.2024
22:07
1106
Елена Рыбакина Australian Open турнирін жеңіспен бастады

Елена Рыбакина Australian Open турнирін жеңіспен бастады

Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кезінде әлемдік рейтингіде көш бастаған, қазір рейтингіде 38-орында тұрған чехиялық 31 жастағы тәжірибелі Каролина Плишкова оңай шағылар жаңғақ емес-ті.

Бірінші партияда Каролина брейк жасап, 2:0 есебімен алға кеткенімен, Елена таразы басын теңестіре алды.

Тай-брейкте де чехиялық спортшы 6:3 есебімен алға шығып, төрт бірдей сетболын пайдалана алмады. Рыбакина қатарынан бес допты өзіне жазды — 7:6 (8:6).

Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті — 2:1. Осыдан соң қарқынын үдетіп, жеңіске жетті — 6:4.

Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 57-ракеткасы ресейлік Анна Блинковамен шеберлік байқасады.