Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте (АҚШ) теннис турнирінің үшінші айналымында испандық Паула Бадосаны жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Матч 6:3, 7:5 есебімен аяқталды.
Кездесудің ұзақтығы 1 сағат 36 минутты құрады. Осы уақыт ішінде Елена алынбас тоғыз соққы орындады, бір қос қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды.
Рыбакинаның келесі қарсыласы Дарья Касаткина / Варвара Грачева (Ресей) жұбының жеңімпазы болады.