Елена Рыбакина әлемнің 60-ракеткасынан ұтылды

28 Сәуір 2023, 21:42 1075

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Мадридте (Испания) WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымында жеңілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әлемнің жетінші ракеткасы 1/32 финалда ресейлік теннисші Анна Калинскаядан ұтылды – 5:7, 6:4, 2:6. Калинскаяда әлемдік рейтингте 60-орында тұр.

Матчтың ұзақтығы 2 сағат 13 минутты құрады. Осы уақыт аралығында Елена 12 брейк-поинттың 10-ын жүзеге асырды.

Жерлесіміз бұл турнирді екінші айналымнан бастаған болатын. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: