Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) өзінің жаңа рейтингін жариялады, онда Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина 25-ші орыннан 10-шы орынға көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Елена Рыбакина бұл жетістікке 2023 жылғы Австралия ашық чемпионатының финалына жеткеннен кейін қол жеткізді. Өкінішке қарай чемпион атағы үшін шешуші матчта біздің спортшы қарқынды шайқаста Беларусь өкілі Арина Соболенкодан жеңіліп қалды. Өз кезегінде Соболенко аталған рейтингтің екінші жолағына тұрақтады.