Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде оныншы орнын сақтап қалды

13 Ақпан 2023, 09:48 1106

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте оныншы орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 45-тен 43-ке көтерілді.

Үздік үштікте бұрынғыша Польша өкілі Ига Швентек, белоруссиялық Арина Соболенко және тунистік Онс Жабер келеді.

Өткен аптада Е.Рыбакина Әбу-Даби WTA 500 турнирінің ширек финалына, Ю.Путинцева екінші айналымына дейін жетті. Қос теннисші де осы аптада Дохада (Қатар) өтетін жарысқа қатыспайды. Ал 19-25 ақпанда Дубай WTA 1000 додасы өтеді.

Жұптық сында әлемдік рейтингте чехиялық Катерина Синякова көш бастаса, америкалық Коко Гауфф екінші, тағы бір чехиялық Барбора Крейчикова үшінші сатыда тұр.

Қазақстандық Анна Данилина 24-тен 25-ке, Е.Рыбакина 111-ден 113-ке сырғыды.

EL.KZ
Бөлісу: