Елена Рыбакина Әбу-Дабиде өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты

9 Ақпан, 13:00 993

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Дабидегі (БАӘ) WTA 500 сериясы турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Ол турнирдің бірінші кездесуі  Даниэль Коллинске қарсы өтті. Рыбакина бірінші сетте 4:6 есебімен жеңілсе, келесі екеуін 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.

Қарсыластар кортта 2 сағат 20 минут ойнады. Жеке кездесулерде Елена 3-1 есебімен алға шықты.

Ширек финалда Рыбакина Кристина Буча (№74, Испания) – Хизер Уотсон (№156, Ұлыбритания) жұбымен ойнайды.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: