25 Тамыз 2018, 06:41
Елімізге еңбегі сіңген педагог, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Құрмет» орденінің Кавалері, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымы республикалық одағының теңдесі жоқ Президенті Елена Александровна Дмитриенко 24 тамыз күні туған күнін атап өтті.
Ол сонымен қатар мемлекет басшысының бастамасымен өткізілген «Қазақстанның 100 жаңа есімі» маңызды жобасының жеңімпаздарының бірі болып табылады.
Бүгінде Е. Александровна еліміздегі құрметті ұстаз, тәлімгер, сүйікті ана ғана емес, сонымен қатар ақылгөй және қамқор әже.
Ол жалпы 50 жылдық еңбек жолын артқа тастаған, оның 35 жылын балалар қозғалысына арнады. Е. Александровна полиглот – орыс, қазақ, ағылшын, неміс және француз тілдерін меңгерген. Сондай-ақ оның екі немересі де қазақ, ағылшын, француз, қытай тілдерінде еркін сөлей алады. Тіпті кенже немересі мектепте мемлекеттік тілді үздік меңгерген оқушы ретінде танылған. Бұл жайында және де өзге де өміріндегі жетістіктері туралы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының балалар жобасының үйлестірушісі Е. Дмитриенко assembly.kz. сайтының тілшісіне әңгімелеп берді.
– Ең қымбат және жақыннан бастасақ. Өзіңіз жайлы, отбасыңыз жайында айтып өтсеңіз. Өйткені барлығы жанұядан бастау алады емес пе...
– Мен көпұлтты отбасында дүниеге келдім. Анам – жартылай орыс, жартылай поляк, әкем – украин. Жолдасымның әкесі – шешен, анасы – орыс. Өзіңіз аңғарғандай, қанша қан араласқан (күледі).
Өте ертеде атам Сібірден Атбасарға көшіп келді. Жергілікті тұрғындар оны жылылықпен әрі қуанышпен қабылдады. Осы жерге тұрақты қоныстанып, отбасын құрды. Ешкімге басқа жаққа көшу туралы ой келмейді, өйткені уақыт өзі дәлелдегендей, қазақ жерінен артық жер жоқ. Қазақстан – біздің Отанымыз. Қазақстанның бүгінгі Ұлы жетістіктері геопланетарлық кеңістіктің және ұлттың тектік қорының мықтылығының арқасында ғана мүмкін болып отыр. Бұл менің жеке ойым.
– «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымы республикалық одағы қазіргі таңда тек Қазақстандық балалар ұйымдарымен ғана серіктесіп қоймай, сырт елдермен де байланыс орнатып отыр. Сол жайында толығырақ айтып өтсеңіз.
– Биылғы жылы біздің қозғалысымызға 27 жыл толды. Мен алғашқы жол салушы ретінде және Қазақстандағы қоғамдық балалар қозғалысының феноменін зерттеушісі ретінде ұлттық бейнені қолайлы ажырата алып, өзімнің балалар қозғалысына арналған бағдарламамды жаздым. Оның ел басшыларына ұнағаны соншалық, 1991 жылдан бастап Білім және ғылым Министрлігі ресми түрде балалар азаматтық қоғамын құру жүйесін қалыптастыру үшін оны жаппай көпшілікке ұсынды.
Бағдарламаның тірегі ретінде жетібұрышты жұлдыз алынды. Осылай бағдарлама «Жұлдыз» деген атауын тапты. Аталған бағдарлама – баланың табыс тұғырына өрлеудің бірқилығы, яғни, жол көрсетуші жұлдызы.
Бала үшін ең маңыздысы – отбасы. Одан кейін балаға оны қоршаған достары қажет. Ал барлығының шыңында Отан тұр. Туған жер мен Отаннан асқан қымбат нәрсе жоқ. Балаға сонымен қатар білім, ептілік пен дағды қажет. Осыдан кейін баланы әуесқойшылық күтеді. Баланың өз микроәлемі, өз арманы бар. Оны өзі қызығушылығына сәйкес таңдауға құқығы бар. Өскелең ұрпақтың әлемі жіті бағаланбайды. Бұл шындық. Балаға шектеу қоюдың қажеті жоқ, ол өзінің қателіктері мен сынама әдісімен жеке тұлға болып қалыптасқанда және өз өмірінің қожайыны болғанда, келесі кезең – «Мұрагерге» өтеді. Балаға әр түрлі жобалар мен өмірлік жағдайлар арқылы ақырындап өз өміріне жауапкершілік сезімін енгізу керек. Бір сөзбен айтқанда, байқатпай оны бағыттап отыру керек.
– Қазақстан қазіргі таңда барша әлем бойынша балалар қоғамдық бірлестіктері санымен көшбасшы. Отандық тәжірибенің бірегейлігі соншалық, оған көптеген елдер қызығушылық танытып отыр. Осы жетістікке қалай жеттіңіздер?
– Біз Куба, Венесуэла, Ресей, Украина, Беларусь, Тәжікстан, Болгария, Германия елдерінің балалар ұйымдарымен тығыз байланыстамыз. Біздің басты ұранымыз – кез келген балалар бастамасына жан-жақты қолдау көрсету.
Өткен жылы Якутия басшылығы серіктестік орнату үшін мені шақырған болатын. Олар «Жұлдыз» одағының тәжірибесімен танысып, бұл жүйені өздерінде біртіндеп енгізе бастады.
Жаңа балалар қозғалысын құру табысына жетуге мектеп оқушысы болған жылдарымдағы менің мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаным ықпал етті. Балалар қозғалысы мен үшін ерекше әлем, онда бала өзін толыққанды тұлға ретінде жүзеге асыра алады. Мектептегі өмір мен мектептен тыс өмір бір-бірінен қатты өзгешеленеді ғой. Егер мектепте бала нақты бағдарламаны меңгеруге міндеттенсе, мектептен тыс өмірде бала өз қалауы бойынша шығармашылық тұрғыда өзін-өзі жетілдіре алады, онда шарт қойылмайды, шектеу жоқ.
- Қазіргі уақытта сіз Президент бағдарламасы жобаларын басқаратын Басты кеңсенің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы балалар жобасының үйлестірушісісіз және Қазақстандағы балалар қозғалысын дамыту Үйлестіру кеңесін басқарасыз. Осы қызмет туралы толығырақ айтсаңыз?
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазіргі Қазақстандағы балалар қозғалысының ұлттық жоспарын әзірлеу барысында біз баланың табыс жолындағы дамуына ықпал ететін басты факторларды баса назарда ұстадық. Біз үшін маңыздысы баланың бос уақытын таусылмайтын флеш-мобтар мен басқа да мәні жоқ бұқаралық шаралармен ұйымдастырмау, немқұрайлы қарамау, нақты көзқарасымызда баланы жеке тұлға ретінде дамыту, оның арманына жетуге жәрдемдесу. Мұнда бір ғана теория аздық етеді. Тәжірибеден өткен дағдылар қажет. Осы арада бірқатар сұрақтар туындайды.
Өкінішке орай, елімізде дипломы бар тәлімгерлер жоқ. Оларды даярламайды. Осы жылдан бастап қана Ақмола облысының колледжінде сала мамандарын даярлап шығара бастады. Жаңа оқу жылының қарсаңында біз Көкшетау қаласы және Зеренді ауданының тәлімгерлеріне мемлекеттік үлгідегі куәліктерді алғаш рет табыстадық.
Іске келгенде бұл жұмыс келесідегідей жағдайда. Барлығы педагогтардың біліктілігіне зер салады, ал балалармен кәсіби білімі жоқтардың жұмыс жасайтыны ешкімді толғантпайды. Бұл бүгінгі күннің олқылығы тек Қазақстанға ғана тән емес.
Осыған орай біз үшін ұйымдастырып өткізген «Рухани жаңғыру: Ашық Қазақстан – жастардың әлеуметтенуі: Қазақстан мен Германия тәжірибесі» тақырыбындағы азаматтық қоғам жас көшбасшыларының халықаралық саммиті маңызды оқиға болды.
Осы алаңда кәсіби оқыту мәселесі мен бұрын мектептерде мансаптық өсусіз және мансаптық жедел сатысыз жұмыс істеген тәлімгерлердің кәсіби біліктілігін жоғарылату мәселесі талқыланды.
- Сіз бірнеше жыл бойы жазғы лингвистикалық лагерь ұйымдастырып жүрсіздер?
- Расымен де тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан-ақ лингволагерь ұйымдастырып келеміз, онда біздің балалар әртүрлі тілде сөйлеуді үйренуде – қазақша, түрікше, ағылшынша, орысша. Бізде тіпті Павлодарлық оқушы жапон тілінде үйренгісі келген жағдай болған. Оның қолынан келді бұл іс. Бастысы – қалау. Ынтызарлық пен зейін болса болды. Мысалы, Көкшетауда бесінші мектепте этномәдени орталықтардың жексенбілік мектебі жұмыс істейді, онда кез келген ынтасы бар оқушылар Қазақстан халқы тілдерін тегін үйрене алады.
- Сіз үшін толеранттық, шыдамдылық, жаһандану үрдісіндегі саналуандық, діни тұрғысын қоса алғанда, деген сөздер қандай мағына береді?
- Мен үшін бұл сөздер – өмір пәлсапасы. Бұл – өмірдің өнегелік негізі. Бұл – жеке тұлғаға деген құрмет, соның ішінде баланың құқығы мен еркіндігі. Жақсы немесе жаман халық, мәдениет, тарих болмайды. Әркімнің өз жеке таңдауын жасауға құқығы бар. Адам әрдайым өзіне қорған іздейді. Біреулер оны құдайға сенуден табады. Сол себепті балалар ұйымдарында өз елінің нағыз патриоттарын тәрбиелеудегі рөлі мен орны өте жоғары. Егер жас адамның қолынан келмей жатса, оны одан әрі құрдымға итермелемей, көмек көрсетіп, қолдау қажет.
- Сөз соңында алдыңғы уақыттардағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз?
- Жоспар көп. Әлі де көп дүние жасағым келеді. «Біз – Қазақстан, сенің балаларыңызбыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» балалар қоғамдық қозғалысын нығайту жобасын дамытамыз. Балалар парламентін құру идеясын жүзеге асыруға үміттіміз, ереже жобасы ҚР Білім және ғылым Министрлігінің қарауында жатыр.
Тағы бір арманым – «Балалар қоғамдық ұйымдарын мемлекеттік қолдау туралы» арнайы Заңы бекітілсе. Мемлекет деңгейіндегі қолдау өте қажет. Мұндай Заң Беларуссияда бар. Осындай Заң біздің елде қабылданса Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйлері секілді балалар ұйымдарының Үйлері де пайда болады деп сенемін. Айтпақшы, Степногор қаласында Қазақстан бойынша жалғыз-ақ Үй жұмыс істеп тұр. Оған балалар тегін келеді, дегенмен мұндай ұйымдар еліміздің барлық аймағында болғанын тілеймін.
Сұхбатыңызға рақмет. Барлық бастамаңызға табыс тілеймін.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.