Электрондық үкімет порталындағы қызметтер уақытша тоқтатылды

1 Наурыз 2023, 00:45 786

Веб-порталда техникалық жұмыстар жүргізілуде

Электрондық үкімет порталындағы қызметтер уақытша қолжетімсіз болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Веб-порталда техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

28 ақпан сағат 21:00-ден 2023 жылғы 1 наурыз сағат 08:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осы уақытта «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін ақпараттық жүйелер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін, - делінген Egov порталының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында таралған хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: