Белгілі дзюдошы Елдос Сметов 12-15 қарашада Астанада өтетін ел чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы өзінің бұл жағдайын алған жарақатына байланысты түсіндіріп отыр. Ол биыл көктемде Дохада өткен әлем чемпионатына қасып жүлдесіз қалған болатын.
Қазақстан чемпионаты Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Аталған біріншілікке еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан барлығы 500-ге жуық татами шеберлері бақ сынамақ. Олардың қатарында Ислам Бозбаев, Ғалымдан Қырықбай, Кәмила Берліқаш, Ғалия Тыныбаева сынды елімізге белгісі спортшылар бар.