Елдос Сметов әлем чемпионатында бесінші орын алды

20 Мамыр, 00:28 506

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Елдос Сметов Әбу-Дабидегі әлем біріншілігін алғашқы бестікте аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

60 келі салмақта сынға түскен Сметов қола медаль үшін өткен белдесуде жапондық Таики Накамураға есе жіберді. 

Жас жапондық балуан белдесудің негізгі уақытында Елдосты таза жеңді. 

Осылайша, Елдос Сметов кезекті әлем біріншілігін жүлдесіз аяқтап отыр. Ол былтыр Дубайда өткен әлем чемпионатында да жүлде алмаған еді. 

Ал Қазақстан еншісінде әзірге бір қола бар. Әйелдер арасында Абиба Әбужақынова үздіктер қатарына енді. 

Перизат Саденова
Бөлісу: