Елдос Сметов әлем чемпионатын жеңіспен бастады

19 Мамыр, 12:48 506

Абу-Дабиде дзюдодан басталған әлем чемпионатында Елдос Сметов алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Олимпиада Ойындарының екі дүркін жүлдегері алғашқы айналымда Вьетнам өкілі Чу Дук Датты ұтты. Кездесу барысында қос балуан нәтижелі ұпайға ие болған жоқ. Сондықтан төреші екі балуанға ескерту берумен болды. Белдесудің соңғы минутында Сметовтің қарсыласы белсенбі болмағаны үшін тағы ескерту алып, ұтылып қалды. Енді Елдос екінші белдесуін оңтүстіккореялық Ким Вон Жинге қарсы өткізеді.

Сонымен бірге, Ғалия Тынбаева 48 келіде Бразилия балуаны Аманда Лиманы ұтты. Енді ол екінші кезеңде испаниялық Лаура Мартинеспен күреседі. 

Бдан бөлек, Нұрқанат Серікбаев, Абиба Әбужақынова, Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали бүгін татамиге шығады. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: