«Елден қалмайық дедік»: Өмірқұл Айниязов келініне қанша қалыңмал бергенін айтты

28 Қараша 2023, 15:33 4714

Биыл ұлын үйлендіріп, келін түсірген әншілер қатарын Өмірқұл Айниязов та толықтырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі тамыз айында ұлын үйлендіріп, дүбірлі той өткізді. «Ұйқым келмейді» бағдарламасына келген Айниязов салтанатты іс-шараның қызықтарын еске алып, құдаларына қанша қалыңмал бергенін айтты. Өзінің сөзіне қарағанда, келіні шығыс жақтан екен. 

Шығыс жақ орамал тақпайтынымен қатар қалыңмал да сұрамайды екен. Ол жағы жақсы екен. Бірақ біз елден қалмайық деп, халықтың бергенін бердік. Қызылордада оған қатты мән береді. «Өмірқұл келініне ештеңе апармапты» деп өзіміздің де адамдар айтуы мүмкін. Нұртас (Айдарбеков - ред.) сияқты бердім деп айтпай-ақ қояйын. Сол әкесінің жағалы киімі бар, анасы мен қызының гауһартасты бұйымдары бар. Соның барлығын қосқанда, он мың доллар болмаса да, соған жақындап қалды, - деді әртіс.

Бұған дейін Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков кіші ұлын үйлендіргенде қалыңмалға 10 мың доллар бергенін айтқан.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: