Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің №690 бұйрығына сәйкес осы жылдың 9 желтоқсанынан бастап Қазақстан аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Индустриялық даму комитетінің құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының басшысы Мұхамед Андаковтың айтуынша, аталған шара қазақстандық өндірушілерді қолдап, еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін қолға алынған. Бұл шектеу 2019 жылдан бастап енгізіліп, әр 6 ай сайын ұзартылып келе жатыр.