Елдегі инфляция 8,4% құрады

20 Маусым 2022, 11:15 1284

Қазақстанда 2021 жылы Жалпы ішкі өнімнің өсімі 4%-ті құраған,- деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев хабарлады.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, Үкіметтің есебі Парламент Мәжілісі мен Сенатында егжей-тегжейлі қаралған. Оны қарау кезінде экономиканың барлық бағыттары бойынша жүздеген сұрақтар мен ұсыныстар берілген. Олар жұмыс топтары мен комитеттерде де талқыланған. Депутаттардың ұсынымдары Үкімет жұмысында ескерілмек.

– 2021 жылы Жалпы ішкі өнімнің өсімі 4%-ті құрады. Экономиканың барлық негізгі салаларында оң нәтижеге қол жеткізілді. Мәселен, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3,8%-ке, құрылыс саласы 7,6%-ке, көлік 3,6%-ке, сауда 9,2%-ке өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,5%-ке ұлғайды,- деді ведомоство басшысы Ерұлан Жамаубаев.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев келтірген мәліметтерге назар салсақ:

Оның айтуынша жалпы алғанда, мемлекет өзінің әлеуметтік және басқа да міндеттемелерін толық көлемде орындаған.

ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Есеп комитетінің Үкімет есебіне берген негізгі ескертулеріне түсіндірме беріп өтті.

– Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт сомаларының ұлғайғанын атап өткен болатын. Әсіресе, ағымдағы шығындардың қаржыландырылуына ерекше назар аударған. Дегенмен, трансферттердің өсуі әлеуметтік міндеттемелерді, дағдарысқа қарсы шараларды, мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру және пандемия жағдайында экономикадағы іскерлік белсенділікті қолдау қажеттілігімен байланысты болды. Өз кезегінде, алдыңғы жылмен салыстырғанда өткен жылы мұнай секторынан Ұлттық қорға түскен тікелей салық түсімдерінің көлемі 1,8 есеге ұлғайғанын атап өткім келеді,- деді министр.

Ерұлан Кенжебекұлының айтуынша, ағымдағы жылдан бастап кепілдендірілген трансферттің мөлшерін айқындау контрциклдік бюджет қағидаларына негізделетін болады. Жаңа тәсілдерге сәйкес Ұлттық қордан бюджетке алынатын қаражат мұнай секторынан түсетін қор кірістерінен аспайтын болады. Сондай-ақ, бюджеттің шығыстарына да шектеу қабылданды. Бұл Қордың жинақтау функциясын күшейте отырып, активтерді көбірек жинауға мүмкіндік береді.

 


Бақытгүл Абайқызы
Бөлісу: