30.12.2025
10:12
668
Елдегі ықпалды кәсіпкер әйелдер кімдер?

Елдегі ықпалды кәсіпкер әйелдер кімдер?

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігі соңғы жылдары жай ғана статистика емес, экономиканың құрылымын өзгертетін нақты күшке айналды. Бүгінде кәсіп ашқан қазақстандық әрбір әйел жаңа жұмыс орындарын құрып, қызмет көрсету сапасын көтеріп, цифрлық экономика мен өңірлік дамудың алдыңғы шебінде жүр. Әлеуметтік желідегі шағын парақшадан бастап, өндіріс пен экспортқа дейін жеткен бұл толқын әйелдердің қаржылық дербестігі мен ел экономикасының тұрақтылығы өзара тығыз байланысты екенін айқын көрсетіп отыр.

Forbes Kazakhstan жариялаған Қазақстандағы ең ықпалды 25 әйел рейтингінде ел экономикасының әр саласында табысты бизнес құрған кәсіпкер әйелдерге тоқталып өтейік.

Әсел Тасмағамбетова 

Әсел Тасмағамбетова - ықпалды әулеттің өкілі ғана емес, Қазақстанда өз бағытын қалыптастырған дербес кәсіпкер әрі меценат. Forbes.kz рейтингінде елдегі ең ықпалды әйелдердің үздік ондығына кіреді. Ол жұбайы, инвестор Кеңес Рақышевпен бірге білім беру, косметика, экология және қайырымдылық салаларын қамтитын ірі экожүйе құрған. 2002 жылы құрылған «Сәби» қоры бүгінде Әсел Тасмағамбетованың басқаруында. Қор білім, медицина, экология және дарынды жастарды қолдауға бағытталған. 2024 жылғы бюджеті 3 млрд теңгеден асты.

Ол - Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің құрылтайшысы. Мектеп Forbes рейтингінде үздік жекеменшік оқу орындарының қатарында, жылдық табысы шамамен 4,3 млрд теңге. Алматыдағы Telli биобутигі мен отандық косметика өндірісі - оның табысты жобаларының бірі. 2023 жылы іске қосылған Asiya бренді жеке зауытта шығарылады. Әсел Тасмағамбетова экологияны жеке миссия ретінде қарастырады. Ол құрған экологиялық институт қалдықтарды өңдеу, су ресурстары және Каспий итбалығын қорғау жобаларымен айналысады. Соңғы жылдары инвестициялық қорлар мен жылжымайтын мүлік саласына да белсенді кірісіп отыр.

Фото: aselletasmagambetova.kz

Ғауһар Қаппарова

Кәсіпкер әйелдерді қолдау

Елордада жыл соңына дейін әйелдер кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруге бағытталған Ұлттық ақпараттық науқан жалғасып жатыр. Науқан 22–31 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия бастамасымен, Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы арқылы жүзеге асырылуда.

Науқан аясында елордада әйелдердің кәсіпкерлік әлеуетін қолдауға, сондай-ақ бизнесті бастау мен дамытуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізіліп жатыр. Негізгі мақсат - әйелдерге мемлекеттік қолдау тетіктері, гранттар мен жеңілдетілген несиелер, оқыту және кеңес алу мүмкіндіктері туралы нақты әрі қолжетімді ақпарат ұсыну. Іс-шаралар барысында мемлекеттік бағдарламалардың таныстырылымдары, семинарлар, кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Сонымен қатар өңірлік деңгейде табысты әйел кәсіпкерлігінің үздік үлгілерін насихаттауға ерекше назар аударылып отыр.

Ұлттық ақпараттық науқан әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырумен тікелей байланысты. Бүгінде әйелдер кәсіпкерлігі Қазақстан экономикасының тұрақты өсуіне серпін беретін негізгі күштердің бірі ретінде қарастырылып отыр.

Айта кету керек, елімізде әйелдер кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау кешенді сипатқа ие: қаржылық құралдар - гранттар мен жеңілдетілген несиелеумен қатар, білім беру, менторлық және сүйемелдеу бағдарламаларына да басымдық берілген.