Елдегі бойдақ министр 2025 жылға дейінгі жоспарын айтты

9 Маусым 2023, 11:00 1365

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың қатысуымен баспасөз брифингі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық экономика министрі форумға бірқатар мемлекеттен мыңға жуық делегат келгенін айтты. Олардың ішінде маңызды және мәртебелі қонақтардың барын атап өтті.

Форум бағдарламасы бойынша кеше әйгілі журналист Ричард Квесттің төрағалығымен Мемлекет және халықаралық ұйым басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс өтті. Осылайша екі күнге созылған форум аясында 40-қа жуық белсенді іс-шара өтуде, – деді министр.

Ең маңыздысы – еліміздің кадрлық мәселесін шешу. Оның ішінде 2025 жылға дейін 100 мың IT маманды дайындау қажеттігін тілге тиек етті.

«Қытай мен Қазақстан арасында форум аясында қандай да бір келісім бола ма?» деген журналистердің сұрағына министр өңірлік және әлемдік мәселелер жөнінде пікір алмасатынын айтты және бірқатар маңызды құжатқа Президент Қытайға барған сапарында қол қойғанын жеткізді.

Қытай елімен біздің әлеуетіміз артады. Себебі олар қазір біздің елден экспортталатын азық-түлік тауарларын 100 пайызға тұтынып отыр. Қытай өзі Қазақстанға ірі инвестиция салған болатын. Сол әлеуетті біз одан әрі жалғастыратын боламыз. Өйткені Қытай – Орталық Азиядағы дамыған ең үлкен мемлекет, – деді ҰЭМ басшысы Әлібек Қуантыров.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: