Елдегі бензин мен дизельдің арзан болуы көрші елдерге тиімді болып тұр - Әлихан Смайылов

4 Сәуір 2023, 10:54 626
Премьер-министр Әлихан Смайылов елімізде бензин мен дизель отынының қымбаттау себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейін кулуарда айтты.
 
«Энергетика министрі кеше ғана бензин мен дизель отыны бағасының өзгеруіне қатысты жобаны жариялады. Бұл оңай шешім болмады. Егер де бұл шешімді қабылдамағанда болашақта жанармай тапшылығына тап болуымыз мүмкін еді. Қазақстанда жанармайды тұтыну көлемі өте жоғары. Мысалы бір адам жылына дизельдің 370 литрін қолданады. Ал бұл көрсеткіш Ресейде 225 литр, Қырғызстанда 98 литр, Өзбекстанда 44 литр немесе 8 есе аз мөлшерде пайдаланады. Жанармайды тұтыну дерегі экономиканың басқа өңірлерінде өзгермеді», - деді премьер-министр.
 
Соңғы 5 жылда бензинді өндіру 70 % -ға, дизель отынын өндіру 33%-ға артты. Өткен жылы дизель отыны 5,2 млн тонна өндірілген. Бұл бұрын соңды болмаған рекордты көрсеткіш.
 
«Дизел бағасы елімізде 230-260 теңгені құраса, Ресейде бұл бағадан 45 %-ға қымбатырақ. Қырғызстанда 64%-ға қымбат болса Өзбекстанда тіптен екі есеге артық. Салдарынан еліміздің жанармайы түрлі жолдармен өте арзан бағада көрші елдерге сатылып жатыр. Егер нарықтағы бағамен жанар-жағармай бағасын көтермегенде, биыл еліміз 850 мың тонна шығынға батар еді», - деп түсіндірді Әлихан Смайылов.
 
 
 
Миражан Махан
Бөлісу: