Жұмыссыз азаматтарға SMS арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабарланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті. SMS хабарлама 23-35 жас аралығындағы жұмыссыз жүрген 25 мыңнан астам адамға жіберілген.
Азаматтарға бір мезгілде жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы SMS-хабарлама жіберілді, - делінген хабарламада.