Елде төтенше жағдайда жедел әрекет ететін жаңа әскери бөлім құрылады

9 Желтоқсан 2022, 00:19 2768

Бөлімді құруға мемлекет қазынасынан 14,6 млрд теңге жұмсалады

Қазақстанда түрлі төтенше жағдайлар кезінде дереу әрекет ететін жаңа арнайы бөлім құрылуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 20982 әскери бөлімі республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын. Жобаның мақсаты - халықты, аумақты және экономика объектілерін түрлі авариялардан, табиғи және техногендік апаттардан қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ ТЖМ әскери бөлімдерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою мүмкіндіктерін арттыру. Ол үшін солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс өңірлік қағидаты бойынша Ақтөбе қаласында әскери бөлім құру және азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің штаттарын бекітілген үлгілік штатқа келтіру бойынша ұйымдық-штаттық реформа жүргізу көзделеді, - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында.

Құжатта көрсетілгендей, бөлімді құру үшін республикалық бюджеттен 14,6 млрд теңге жұмсалмақ. Атап айтқанда, 2023 жылы - 4,8 млрд, 2024 жылы - 4,8 млрд және 2025 жылы - 4,8 млрд теңге бағытталады.

Қауылыны ашық талқылау 22 желтоқсанға дейін жалғасады.

EL.KZ
Бөлісу: