Елде құжатты жедел алу қызметі арзандайды

17 Қазан 2023, 00:20 685

Елімізде азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды жедел тәртіппен беру бағасына өзгерту енгізілмек. Бұл туралы Ішкі істер министрінің сәйкес бұйрығына енгізілетін өзгерістер жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызметтердің жаңа бағасы:

Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары үшін:

1-санатты жеделдік – 1 жұмыс күніне дейін: 3372,45 теңге (қазіргі баға – 4983 теңге);

2-санатты жеделдік – 3 жұмыс күніне дейін: 1770,88 (қазіргі баға – 2752 теңге).

Облыс орталықтары үшін:

1-санатты жеделдік – 3 жұмыс күніне дейін: 3372,45 (қазіргі баға – 4983 теңге);

2-санатты жеделдік – 5 жұмыс күніне дейін: 1770,88 (қазіргі баға – 2752 теңге).

Облыстардың аудандары мен қалалары үшін:

3-санат – 7 жұмыс күніне дейін: 677,95 (қазіргі баға – 1116 теңге).

Түзетулер мемлекеттік монополияға жататын «Ақпараттық-өндірістік орталығы» қызметтерінің бағасын төмендету мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің түзетулеріне байланысты енгізіледі, – делінген ІІМ түсіндірме жазбасында.

Берік Арманов
Бөлісу: