20.05.2023
20:55
1551
Елде конструктор көліктерді заңдастыруға рұқсат берілді

Елде конструктор көліктерді заңдастыруға рұқсат берілді

Қазақстанда конструктор көліктерді заңдастыруға рұқсат етілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Ішкі істер ведомствосы таратқан мәліметке сәйкес, автоконструкторларды заңдастыру 22 мамырдан басталады.

1-қадам: Онлайн өтінім беру және оны электрондық тіркеу (автоконструкторлардың барлық иелеріне автоматты түрде бас тарту және АХҚКО-да ПО қызметкеріне қолда бар құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлама жіберілетін болады).

2-қадам: ПЦ қызметкері көлік құралдары құжаттарының дұрыстығын тексереді және көлік құралдарын критерийлеріне сәйкес келген жағдайда к/қ электрондық мақұлдау парағына енгізеді.

3-қадам: Өтініш беруші қайтадан онлайн өтінім береді және электрондық мақұлдау парағы бойынша алдын ала тексеруден өтеді, сарапшы-криминалист салыстыру үшін конструкциялық ұсынумен тексеру пунктіне жібереді.

4-қадам: Салыстырып, тексеруден сәтті өткеннен кейін өтініш беруші ХҚКО-ға барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде диагностикалық картаны ұсынады және мемлекеттік баж 200 000 теңге мөлшерінде алым төлейді.

Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.