Елбасының бағдарламалық мақаласы жаңа мүмкіндіктер ашты - профессор Таймағамбетов

26 Сәуір 2017, 09:29 4059

Бұл күндері Мемлекет басшысының ел өмірінде жаңа қадамдарға негіз қалайтын нақты міндеттер жүктеген  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы  кеңінен талқылану үстінде.

Бұл күндері Мемлекет басшысының ел өмірінде жаңа қадамдарға негіз қалайтын нақты міндеттер жүктеген  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы  кеңінен талқылану үстінде. 

Бұл орайда елінің ертеңіне елеңдеген  озық ойлы азаматтар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар  үн қосып жүрекжарды пікірлерін білдіріп жатыр.  Осы орайда ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор Жәкен Таймағамбетов өз толғамын былайша жеткізеді.   «Аса мәртәбелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ауқымды ұжымы Сіздің ұғынықты түрде жаңа идеологиялықтұғырнама тұжырымдалып, Қазақстан қоғамын рухани жаңғыртудың құнды басымдықтары белгіленген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалаңызбен мұқият таныса келіп, оны бірауыздан қолдайды. Бағдарламалық құжаттың арқасында алдымызда жаңа мүмкіндіктер ашылуда, бұл түптеп келгенде, Ұлттық музейдің ұжымын дамудың бәсекеге қабілетті деңгейіне шығарып, әлемдегі әйгілі музейлер арасында өзінің орнын табуға мүмкіндік береді. Біз Сізбен әрдайым біргеміз!», - дейді профессор Жәкен Таймағамбетов.

Бөлісу: