Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

1 Наурыз 2017, 16:42 3479

Ұлт көшбасшысының құттықтау сөзін Қазақстан Халқы ассамблеясының форумы барысында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова жеткізді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. Ұлт көшбасшысының құттықтау сөзін Қазақстан Халқы ассамблеясының форумы барысында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова жеткізді, деп хабарлайды BNews.kz. 

«Алғыс айту күні – бұл мемлекеттік және қоғамдық күнтізбеде пайда болғанына көп болмаған ерекше күн. Алайда, бұл мерекенің шын мәнінде тарихи маңызы зор. Ол ең құнды адамгершілік қасиеттер –  қайырымдылық, рақымшылық, өзара жәрдемдесу көрініс тапқан сол бір қиын кезеңдерді еске түсіреді... Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге отбасылық бақыт, береке-бірлік, достық пен табыс тілеймін!», - деген тілек білдірді Елбасы құттықтау сөзінде.

Бөлісу: