Елімнің намысын қорғап, абыройлы өнер көрсеттім деп ойлаймын. Халқыма жақсы эмоция сыйлай білдім деген ойдамын. Кезегімді күткенше біраз қобалжығаным рас. Жарыс жолында әр сәтімнен барынша ләззат алдым. Медаль алуыма тактика жетпеген шығар, - деп атап өтті спортшы.
Сонымен қатар ол қолымнан келген күшімді сарқып қалмадым деп отыр.
Ширек финалдағы қарсыласым өте мықты еді. Финалға дейін әр жарысымда нағыз сайыс болды. Жартылай финалда қарсылас болып осы қашықтықтағы Қытайдың Олимпиада чемпионымен шықтым. Канада мен Венгриядан келген спортшылар да «сен тұр, мен атайындар». Шорт-тректе алда не күтіп тұрғанын ешкім болжай алмайды, - деді Абзал Әжіғалиев.
baq.kz