Жұрт табанынан тозып, сөреден таппай жүрген қант интернетте тонналап сатылып жатыр, деп хабарлайды EL.KZ Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Арысы - Үндістан, Ресей, берісі - Қытайдан келетін шекердің келісі 700-950 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал біздің қараша халықтың тәтті өнімге таласы күн санап үдеп барады.
Қазір дүкеннен қант табу қиынның қиыны. Тәтті өнім тапшы. Дәл тосап жабатын кезде сарсаңға түскен халық шекерді сайттан алуға кірісіп кеткен. Құмшекерді интернетте саудалап жатқандардың біріне арна тілшісі хабарласып көрді:
- Қант алсам деп едім,
- Сізге неше тонна керек?
- 10 кг керек. Қаншадан болып жатыр?
- Біз келілеп сатпаймыз. Тонналап сатамыз.
- Бір көлікте 20 тонна болады.
Міне, баршылық. Сөредегі тапшы өнім желіде тонналап тұр. Кім қанша алғысы келсе де шектеу жоқ. Сайттағы хабарламада қантты тек қабымен сатады. Құны 18 000 мен 36 000 теңге аралығында дейді.
БЛИЦ:
- Жоқ, қайдан аламын. Магнумда болған, бірақ кезек жетпеді. Алып үлгермедім. Бітіп қалдыЖелідегі жарнамадан соң қант аламын деп алаяққа алданып қалғандар да кездескен екен. Алматы облысында соңғы 1 айда 5 жағдай тіркеліпті.
Бүгінгі таңда аталған дерек бойынша полиция бөлімдеріне жәбірленушілерден хабарландыру келіп түсіп, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Тексеріс қорытындыларынан кейін заңды түрде шешім қабылданады. Сонымен қатар облыс тұрғындарына айтарым, көзбен көрмеген тауарға ақша аударып сатып алмаған абзал, – деді облыстық ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин
Тапшылық жағдайын ауыл шаруашылығы министрлігі жоққа шығарды. Ақпарынша, қазіргі күні қорда 26,8 мың тонна қант бар. Ал маусым айында Қазақстанда 38 мың тонна қант өндірілген. Тараз қант зауыты - 18 мың тонна, Көксу қант зауыты - 9 мың тонна, Меркі қант зауыты - 11 мың тонна. Енді тәтті өнімді республика бойынша бөлу басталады дейді.
Өніммен қамтамасыз ету үшін 250 мың тонна көлемінде қант құрғақ шикізатын бажсыз әкелуге квота бөлді. Қазір қалған 100 мың тоннаны бөлуге өтінім қабылданып жатыр. Квоталарды қолдану уаөыты 31 қазанға дейін ұзартылып, қант өндіру мен жеткізудің апта сайынғы кестесі пысықталып жатыр, – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Дамир Егізбаев.
Тұрғындар қант жоқ таппадық дейді. Тапшылықтың барына біз де көз жеткіздік. Ал министрліктің айтуынша, ішкі нарықта қант жеткілікті. Сонда қордан шығарылып жатқан тәтті өнімнің қайда кетіп жатқаны белгісіз.