«Ел жүрегі - Астана» фестивалі

23 Маусым 2018, 05:58 1973

Ағымдағы  жылдың 23 маусым күні Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сінің ұйымдастыруымен Сұлтан Бейбарыс алаңында «Ел жүрегі - Астана» Елорданың 20 жылдығына арналған Атырау облысының этномәдени бірлестіктерінің би ұжымдарының және облыстық шығармашылық би топтарының фестивалі өткізілді.

Фестивальдің негізгі мақсаты:  жастардың бойында шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, хореография өнерінің кең ауқымда дамуына атсалысу, өскелең ұрпаққа еліміздің басты байлығы - Қазақстан халқының достығы мен бірлігін дәріптеу. Сондай-ақ би өнері арқылы этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау болып табылады.

Шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері, қала тұрғындары мен қала қонақтары және БАҚ өкілдері қатысты.

Фестиваль барысында  «Иверия» грузин, «Татулық» татар-башқұрт, «Таврос» армян, «Светоч» славян этномәдени бірлестігінің «Уралочка», «Былина» орыс этномәдени бірлестіктерінің вокал ансаблі, «Жұлдыз» халықтық би ансамблі, «Тропикана» мектеп-студиясы, «Арабеск» би мен гимнастика мектебі, «Жібек жолы» хореографиялық ансамбльдері халық билерінің мән мағынасын ашып, сахнаға өз өнерлерін  көрсетіп халық ықыласына бөленді.  

Сондай-ақ би топтарынан бөлек жеке орындауда ән шырқалды. Соның ішінде Астана құрдасы, халықаралық, республикалық, облыстық фестивальдарының жүлдегері, жас талант иесі  «Таврос»  армян этномәдени бірлестігінің мүшесі Лиана Плузянның «Саржайлау», «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің өкілі Ани Цатынянидің «Туған жер» әндері орындалып қазақ еліне деген шексіз махаббатын жеткізді.

Шара соңында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Хатшылық басшысы Г.Шәкірова мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған шараға қатысушыларды Астана күнімен құттықтап, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.  


 

 
Бөлісу: