Ел оқушылары АҚШ-та өткен робототехника чемпионатында жүлде алды

13 Маусым 2023, 21:45 870

Чемпионатқа әлемнің 20 елінен 700 - ден астам оқушы қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

US Open FIRST LEGO League халықаралық чемпионатында Қарағанды облысының «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты және Шымкент қаласындағы НЗМ оқушылары қола медаль жеңіп алды.

Шымкенттік «Clutch» тобы Innovation Project Award номинациясында үздік үштікке еніп, қола жүлдеге ие болды. Олар жел генераторы мен күн панельдерінен алынатын электр энергияны сақтауға мүмкіндік беретін инновациялық жоба ұсынған болатын. Жел электр станциясын дайындаған қарағандылық «JelToqSun» командасы ел тарихында алғаш рет жарыстың Champions Award басты жүлдесінің 3-орнына қол жеткізді.

Біз чемпионатқа жарты жылдан астам уақыт дайындалдық. Үш күндік жарыс біз үшін өте қызықты болды, өйткені мықты қарсыластар келді. Алғашында қобалжығанмен ішкі қорқынышты жеңіп, өз қабілетімізді көрсете алдық. Біз Роботтар ойынында көшбасшылар қатарында болдық. Инновациялық жобаны таныстырып, өзіміздің ұйымшылдығымызды көрсете білдік, – дейді қатысушылардың бірі Акбар Ермеков.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Жарыс арасында қазақстандық оқушылар MIT, Boston University және Harvard секілді беделді оқу орындарының инженерлік факультеттеріне барып, профессорлармен жеке танысты. Олардың пікірін тыңдап, өз тәжірибелеріне қажет кеңес алды.

Естеріңізге сала кетейік, екі команда да Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жыл басында USTEM Robotics қоғамдық қоры ұйымдастырған FIRST Central Asia Орталық Азия ойындарында халықаралық чемпионатқа жолдама алған болатын.

Перизат Саденова
Бөлісу: