Әлемдегі ең танымал футбол матчтарының бірі - «Реал Мадрид» пен «Барселона» арасындағы Эль-Класико осы жексенбіде тағы да тарихтағы ең үлкен көрермендер аудиториясын жинады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тартысқа толы кездесуді әлем бойынша 600 миллион адам тамашалағаны белгілі болды. Бұл көрсеткіш Эль-Класиконың өз деңгейін жоғалтпай, әлі де әлемнің ең қызықты және тартысты ойындарының бірі екенін айқын дәлелдейді.
«Реал Мадрид» пен «Барселона» арасындағы бәсекелестік Испанияда ғана емес, барлық әлемде үлкен қызығушылық тудырады. Эль-Класико әрдайым қызықты тактикалық шайқастар мен ұмытылмас сәттерге толы.
Айта кетейік, 600 миллион көрермен тамашалаған ойында «корольдік» ұжым 2:1 есебімен басым түскен болатын. Енді қос ұжым арасындағы тартыс 2026 жылдың мамыр айында өтеді.