Ел экспорты еселене түсті

9 Тамыз 2022, 00:33 1082

Экспорттық акселерация бағдарламасы аясында отандық өнімді Ресейге, Өзбекстанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Сауд Арабиясына, Әзірбайжанға ілгерілету көзделген.

2022 жылдың 5 айында экспорт 34,2 млрд долларына жетіп, өсім 12,7 млрд долларға немесе 37,2% болды, деп хабарлайды EL.KZ сауда минисьтрлігіне сілтеме жасап.

Экспорттың мынадай елдерге ұлғайғаны байқалады: 

Грузия - 7 есе (2021 жылы 12,6 млн доллардан 2022 жылы 90,2 млн долларға дейін), 

Канада - 6,6 есе (2021 жылы 51,8 млн доллардан 2022 жылы 343,5 млн долларға дейін), 

Марокко - 5 есе (2021 жылғы 24,1 млрд доллардан бастап 2022 жылы 124,1 млн долларға дейін), 

Оңтүстік Корея - 4 есе (2021 жылғы 441,3 млн доллардан бастап 2022 жылы 1,7 млрд долларға дейін), 

Жапония - 3,3 есе (2021 жылғы 125,6 млн доллардан бастап 2022 жылы 418,9 млн долларға дейін), 

Түркия - 2,1 есе (2021 жылы 1 млрд доллардан бастап 2022 жылы 2,1 млрд долларға дейін).

Жалпы, Қазақстан отандық өнімді сыртқы нарықтарда ілгерілету бойынша белсенді саясат жүргізуде. Сауда және интеграция министрлігі, өз кезегінде, экспортты қолдау құралдарының кең тізімін қолданады.

Шикізаттық емес экспортты дамыту шеңберінде қазақстандық экспорттаушылар үшін шығындардың бір бөлігін өтеу, сақтандыру, кепілдік беру және субсидиялау, сондай-ақ қаржылық емес құралдар, қолдау бағдарламалары арқылы қаржылық қолдау көрсету, ҚР Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелерін тарту, экспорттық әлеуеті жоғары қызметтерді дамыту, қауіпсіздік пен сапаның халықаралық талаптарына жауап беретін жаңа ұлттық стандарттарды қабылдау бойынша шаралар ұсынылады.

Экспорттық акселерация бағдарламасы аясында отандық өнімді Ресейге, Өзбекстанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Сауд Арабиясына, Әзірбайжанға ілгерілету көзделген.

Орталық Азия елдері, Ресей және ЕАЭО-ның басқа елдері, Қытай, Түркия, Еуропа елдері, АҚШ, Иран басым нарықтар болып қала береді. Аталған елдердің тізбесі бойынша Министрлік отандық өңделген өнімдерді: азық-түлік, металл бұйымдарын, жабдықтардың жекелеген түрлерін, отынды ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

EL.KZ
Бөлісу: