Ел бюджетіне 8 трлн 463 млрд теңге кіріс түсті

16 Тамыз 2022, 11:07 835

Республикалық бюджетке 5,6 трлн теңге түсті

Мемлекеттік бюджетке 8 трлн 463 млрд. теңге сомасында (трансферттерді есепке алмағанда) кірістер түсті немесе жоспар 105,1%-ке орындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды El.kz

«Республикалық бюджетке 5,6 трлн. теңге шамасында кірістер (трансферттерді есепке алмағанда) түсті немесе жоспар 101,3%-ке орындалды. Кірістер бойынша жоспар 72 млрд. теңгеге, оның ішінде салықтар - 18 млрд. теңгеге, салықтық емес кірістер – 54 млрд теңгеге асыра орындалды», - деді министр.

Салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомасы (40 млрд теңге) ішкі өндіріс тауарларына салынатын қосылған құн салығына және шикі мұнайға экспорттық кедендік бажға (33 млрд теңге) тиесілі болды.

Бөлісу: