Ел бюджеті 10 триллион теңге жоғалтты - бас аудитор

7 Маусым 2023, 12:15 2435

Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатасының төрайымы Наталья Годунова Қазақстан бюджеті 4 жыл ішінде 10 триллион теңге жоғалтқанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоғары аудиторлық палата тексерісі 64 салық жеңілдіктерін Ұлттық экономика министрлігі де, мемлекеттік кірістер комитеті де есепке алмағанын анықтады. Ал бұл бюджетке шығын келтірді, бар болғаны төрт жыл ішінде шамамен 10 триллион теңгеден айырылдық, - деді Годунова.

Оның айтуынша, Қазақстанда көлемін ешкім есептемеген жеңілдіктер мен преференциялар бар және олар кейде қаржылық бизнестің гүлденуі үшін жұмысын жалғастыруда.

Осы уақытқа дейін бюджетті толықтырудың барлық резервтері пайдаланылды. Көлеңкелі экономикада жыл сайын мемлекеттік бюджетке ең аз дегенде 3-4 триллион түседі, - деді Наталья Годунова.

Еліміздің бас аудиторы  бюджетті жоспарлау кезінде қаржыны тиімсіз пайдаланудың негізі қалыптасады деп санайтынын ашық айтты.

 Жалпы 2022 жылы 20 аудиторлық іс-шара өткіздік. 20 аудиторлық іс-шараның тек төртеуі құқық қорғау органдарына берілмеді. Қалғандарының барлығы құқық қорғау органдарына берілді. Іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін барлығы 15 материал берілді, 6 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның қорындысы тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады, - деді ол.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: