13.10.2025
00:31
471
Ел аумағында бірнеше жол бағытында шектеу енгізілді

Ел аумағында бірнеше жол бағытында шектеу енгізілді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» автожолының белгілі бір учаскесінде көлік құралдарының барлық түрлеріне қозғалысқа шектеу қойылды, деп жазады El.kz интернет порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге осы бағытта жолға шықпауға, ресми хабарламаларды мұқият қадағалап отыруға және өз өмірі мен жолаушылардың қауіпсіздігін тәуекелге тікпеуге кеңес береді.