18.12.2022
00:29
1914
Ел аумағында 3,9 балдық жер сілкінісі орын алды

Ел аумағында 3,9 балдық жер сілкінісі орын алды

Елімізде 3,9 балдық жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды El.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 626 шақырымда орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 8.8-ге тең. MPV магнитудасы 3.9-ды құрайды. Эпицентр координаттары: 46.95° солтүстік ендік, 82.85° шығыс бойлық. Тереңдігі – 20 шақырым. Жерасты дүмпуі МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда сезілген жоқ, - делінген «Алматы» орталық сейсмикалық обсерваториясының кезекші операторы таратқан хабарламада.