22.03.2023
13:34
1860
Эквадорда жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты

Эквадорда жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты

Эквадорда 6,7 магнитудасымен жер сілкінді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Анадолы агенттігінің хабарлауынша, зілзала эпицентрі Балао қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 6 шақырым қашықтықта орналасқан. Ошағы 65,7 шақырым тереңдікте болды.

Айта кетейік, кеше кешке Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі 5 мемлекетте сезілді, соның ішінде Қазақстанның 5 өңірінде тіркелді. Салдарынан Ауғанстанда 2 адам, Пәкістанда кем дегенде 9 адам көз жұмды.