Экспорт көлемінің жоғары өсуі байқалуда

14 Маусым 2022, 10:25 1128

ҚР Үкімет отырысына Ұлттық экономика    министрі Ә.С. Қуантыров баяндады деп, – хабарлайды El.kz сайты

Министр ағымдағы жылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,6%-ке дейін жеделдегенін айтты. Ол негізгі трендтер бойынша есепті кезеңде нақты сектордағы тұрақты серпін, қызмет көрсету секторындағы өсуідің жеделдеуі, экспорт көлемінің жоғары өсуі байқалуда дейді.

Нақты сектордағы өсім 4,8%-ті құраса, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,9%-ке дейін ұлғайған.

Салалар арасында сауда, құрылыс, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндіру өнеркәсібі, сумен жабдықтау, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсеткенін мәлімдеді экономика министрі.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2,5%-ті құраған. Инвестициялар білім беруде – 71,7%-ке, мемлекеттік басқару; әлеуметтік қамсыздандыруда – 55,1%-ке, ғылыми және техникалық қызметте – 35,9%-ке, денсаулық сақтауда – 27,8%-ке, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 20,4%-ке, саудада – 13,9%-ке, құрылыс саласында – 10,7%-ке өскен.

Бөлісу: