Экс-шенеунік Ералы Тоғжанов саясатқа орала ма?

16 Ақпан, 14:25 1098

Бұрын вице-премьер және Ақтөбе облысының әкімі болған Ералы Тоғжанов қазір немен айналысып жүргенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналистер экс-шенеуніктен қызметінен босатылған соң не істеп жүргенін сұрап көрді.

Иә, мен мұны маңызды сұрақ деп ойлаймын. Өз жұмыстарыммен айналысып жүрмін. Денсаулығымды дұрыстадым, - дейді ол.

Журналист экс-шенеуніктен Жаңа Қазақстан мен Ескі Қазақстанның айырмашылығын сұрады.

Сіздер талқылаңыздар. Менің ойымша, халық өз бағасын береді, - дейді Ералы Тоғжанов.

Ал болашақта саясатқа оралуға қатысты жоспарлары да бар екенін жоққа шығармады. «Уақыт көрскетеді», - деп қысқа ғана жауап берді.

Айта кетейік, 2023 жылы 5 қыркүйекте Ақтөбе облысы әкімінің лауазымынан босатылған еді. Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде құқықтану, ҚР Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтында заңгер мамандығы бойынша білім алған.

Әр жылдары декан, институт директоры, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Дін істер комитетінің төрағасы, Маңғыстау облысының әкімі, кәсіподақтар федерациясының төрағасы болған. 2020 жылдан бері премьер-министрдің орынбасары болып қызмет атқарған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: