Экс-президенттің және оның отбасының денсаулығы мен жеке өмірі құпия болады

Кеше, 21:51 146

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелерінің денсаулығы, жеке өмірі туралы мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Сенат «Мемлекеттік құпиялар туралы» түзету енген заңды мақұлдап, ПМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюына жіберді.  

"Мемлекеттік құпиялар туралы" ҚР Заңына барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті мемлекеттік құпияларға жатқызудан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырылуы, күштері, құралдары мен әдістері туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасы Президентінің денсаулық жағдайы мен жеке өмірі туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасының экс-Президенттерінің және олардың отбасы мүшелері туралы ұқсас мәліметтерді енгізу бойынша толықтыру енгізіледі,-делінген қорытындыда. 

 

 

 

Зарина Арман
Бөлісу: