Экс-премьер Серік Ахметов шахтадағы апатқа қатысты пікір білдірді

30 Қазан 2023, 12:45 3659

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов 46 кеншінің өмірін қиған Костенко шахтасында болған қайғылы жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Меніңше, «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы қатаң жауапқа тартылуы тиіс. 10 жылда қаншама осындай қайғылы жағдайлар болып, 140-тан астам кеншілеріміз бен мықты мамандарымыз құрбан болды, олардың отбасылары, қаншама адам зардап шекті. Бұл үлкен жауапкершілік. Ендеше, «АрселорМиттал Теміртау» жауапқа тартылуы керек және тек Қазақстанда ғана емес. Оны халықаралық деңгейде жазалау керек. Неге? Өйткені бұл немқұрайлылық, салақтық қылмысқа пара-пар және ол өнеркәсіптік, техникалық қауіпсіздікке мол қаржы бөлініп жатқанына қарамастан ұзақ жылдар бойы жалғасын тауып келді, - деді Серік Ахметов.

Айта кетейік, Қазақстанда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының инвесторы Лакшми Миттал мен менеджер Палаватха Кришнанды жазалауды талап ететін петиция басталды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: