Экс-министрдің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың тәлімгері орындалмай кеткен арманын айтты

16 Қараша 2023, 10:37 1665

Салтанат Нүкенова 9 қараша күні жолдасы Қуандық Бишімбаевтың қолынан қазақ болған еді. Қазіргі уақытта экс-министр уақытша ұстау изоляторында отыр. Жақындары қаза тапқан қыздың естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі  astanа tv-ға сілтеме жасап.

Астрологиямен айналысқан Салтанаттың тәлімгері болашаққа мақсаты көп болғанын жеткізді.

Бәріне үлгергісі келді. Ол оқу мен тележүргізуші рөліне кастинг арасында жүрді. Сонда қандай керемет жастар өсіп келеді деп ойладым, - дейді марқұмның тәлімгері Аида Галеева.

Қайрат Нүкенов қарындасының басында бірнеше ойық болғанын айтады.

Бұл қалай пайда болғанын білмеймін. Қолында, денесінде, арқасында да бар. Қарындасымыздың сау жері қалмаған, - дейді ол.

Марқұмның туыстары мен достары Салтанатты ақкөңіл, мейірімді, көңілді адам болғанын еске алады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: